Қалмұханбет Қасымов ҚР-дың мемлекеттік күзет қызметінің басшысы лауазымын иеленді
Қ.Н. Қасымовты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
"Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалсын", - деп айтылған ресми хабарламада.
Бұған қоса мемлекет басшысының жарлықтарымен Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы қызметінен және Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметінен босатылды.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар