Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Қалыңмалы доллармен”: Украина азаматына ұзатылып жатқан қазақ қызының құдалығы қызу талқыға түсті (видео)

Тағы бір атышулы құдалық көпшіліктің талқысына түсті. Желіде өзге ұлтпен құда болғандардың видеосы тарады. Бұл жолы қалыңдық украиналық жігітке тұрмысқа шықты. 

Желіде өзге ұлтпен құда болғандардың видеосы тарады. Желі оқырмандары сын-пікір жазып, енді бірі қазақ қызына бақыт тілеп жатыр. 

“Бір қазақ қызы Нигерия жігітіне тұрмысқа шығып жатқанда, екіншісі  Жаңаөзенде Украина жігітімен отау құрды. Не дейін енді, Слава Украине деп қояйын”, – деп жазды Жанат Есентай.

Шетелдік құдалар қазақтың салтын ұстанып, барлық жөн-жоралғыны жасады. Олар қыздың қалын малын беріп, той малы мен өлі-тірісін әкелді. Қалыңмалды доллармен әкелген құдалар ұзақ уақыт желіде талқыға түсті. 

“Біз Канада, Украина, Қазақстан, Ресей елінің өкілдері жиналып отырғандықтан, қалыңмалды доллармен әкелуді жөн көрдік. 2 миллионнан асады.  Екінші конвертте той малы. Мұнда да доллармен. Рубльге не теңгеге ауыстырып алсаңыздар болады. Өмірден өткен бабалардың рухына Құран бағыштау ниетімен өлі-тірісін әкелдік. Ең басты сыйлығымыз – сүт ақысы. Қыздың анасына гауһартасты сырғасын сыйлағымыз келіп тұр. Осындай құрметпен қызыңызды алмастырғымыз келеді”, – деді украиналық құда.

Құдалықтың Сайын Шапағатов ауылында болғаны айтылды. Құдалар төс қағыстырып, жаңа құда құдағиының қолынан сүйді. 

Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі қазақтың салтын бұзбаған құдаларға алғыс айтса, бірі мұны шектен шыққандық деп бағалады. 

”Бақытты болсын! Украиндықтар – жақсы халық, біздің дәстүрімізді сақтап сыйлап отыр ғой”,  “Бақытты болсын! Оң жақта отырып қалғаннан жақсы ғой, аман болсын!” дейді олардың бір тобы.

“Сәнге айналып барады басқа ұлтқа қыз беру”, “Еуропа, Қытай мен Нигерияға күйеуге шығу сәнге айналып бара ма?”, Шетелге шығып жатса да, бақыт тілеп отыра беретін болғанбыз ба?” деп жазды екінші топ. 


Талқылау