Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ит пен мысықтарды қырып тастады": Ақтау ветеринарлық станциясының қызметкері жануарларларды уландырды деп айыпталуда

Қаланың барлық жерінде жатқан жануарлардың мәйіттері Ақтау тұрғындарын ашуландырды. Олардың айтуынша, ветеринарлық инспекцияның қызметкері түнде үйсіз жануарларды уландырады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Бейнебақылаудан ер адам таңертеңгі сағат төртте мысықтың алдына бөтелкеден белгісіз қоспаны құйып жатқан сәті түсірілген. Ертесі күні адамдар жанарлардың өлі жатқандарын көрген. Олардың ішінде иелері бар үй жануралары да бар. 

Тұрғындар полицияға арыз жазды. Полиция ветеринарлық инспекторға көршілердің бірі өтініш жасағанын анықтаған. Мамандардың сөзінше, ауладағы жануарлар тапсырыс берген адамға жақпай қалған. 

Ветеринариялық станцияда қызметкердің ешқандай рұқсатсыз жануарларды өлтіруге құқығы жоқ екені белгілі болды. Бұл ұйымның мамандарында қаңғыбас иттерді атуға рұқсат бар.

"Заңға сәйкес оның жануарларды өлтіруге құқығы жоқ. Мен видеоны монтаж шығар деп ойлап отырмын. Қызметкерден түсініктеме алдық, ол бұлай жасауым мүмкін емес деп отыр. Бізге ішкі істер департаментінен хат келді, бұдан былай бұған жол бермеу үшін оған сөгіс жарияланды. Бұл мәселеге жергілікті жануарларды қорғаушылар қосылды. Олар ер адамның үй жануарларын улап жүргенін қаланың басқа жерлерінде де көрдік деп сендіруде, - деді Самат Набиев, Ақтау ветеринарлық қызметінің басшысы.

Ал өлген жануарлардың иелері сотқа жүгінуге ниетті. Олар ветеринарлық инспектордан қызметін асыра пайдаланып, үй жанураларын өлтірген деген айыппен, шығындарын өндіріп алмақ. 

Талқылау