Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Jýsan Bank АТФБанктің акцияларын сатып алды

ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің рұқсатымен Jýsan Bank АТФБанктің 99,76% сатып алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жусан

Келісімнің шарттарына сәйкес, АТФБанктің 124 млрд теңгелік жеке капиталы қосымша провизия даярлау үшін жұмылдырылды. Қаржылық шығындарды өтегеннен кейін Jýsan Bank 97 млрд теңгеге капиталдандыруға дейінгі жұмыстарды іске асырды. Бұған қоса, қаржы регуляторы бекіткен жеке капитал деңгейін қалыптастырды. 

АТФБанкті сатып алғаннан кейін Jýsan тобына кіретін екі банктің активтері 3 трлн теңгеге жетіп, Қазақстанның банк секторының 10%-ын құрады. Сондай-ақ, екі банктің өтімділігі жоғары активтерінің көлемі 1,3 трлн теңгеден асып, еліміздің нарығындағы ең биік нәтиже көрсетті. 

"Біз Қазақстанның бұрыннан келе жатқан қаржы ұйымы АТФБанктің Jýsan құрамына қосылып жатқанына қуаныштымыз. Қазіргі күні АТФБанк өзінің өтімділігін арттырып, қажетті провизия деңгейін жасап, сенімді қаржы институтына айналған. Алдағы уақытта біз екі банктің ұзақ мерзімді, клиенттік базаны ұлғайтуға және заманауи цифрлық қызметтерді көрсетуге бағытталған даму стратегиясын құрастыру жоспарымызда бар. Тағы бір айта кетерлігі, енді біздің клиенттер қаржы қызметтерін тек Қазақстанда ғана емес, Ресей мен Қырғызстанда біздің еншілес басқа да банктер арқылы алу мүмкіндігін ие болады", - деді Jýsan Bank-тің директорлар кеңесінің төрағасы Шигео Катсу.

Бүгінде Jýsan тобының құрамына банктерге бөлек, сақтандыру, брокерлік және инвестициялық портфельді басқару бойынша алуан түрлі қызмет көрсететін қаржы ұйымдары кіреді. 

"Жақын арада біздің топтың барлық қызметін қолданатын АТФБанк клиенттерін көргеніме қуаныштымын. Жеке клиенттер бірыңғай мобильді қосымша арқылы банктік, сақтандыру және инвестициялық қызметтерді алу үшін жаңа цифрлық шешімдерді бағалай алады. Бизнес өкілдеріне смартфон арқылы шоттар ашу және қажетті банк операцияларын жылдам қолдану енді қолжетімді. Сондай-ақ, барлық клиент Jýsan Mobile мобильді операторымен тиімді ұялы байланыс шарттарын қолдануға мүмкіндік алады. Екі банктің қосылуы кәсіптің өркендеуі мен клиенттердің тұрмысына қолайлы жаңа шешімдер ұсынуға мүмкіндік беретініне сенімдімін",  – деді Jýsan Bank басқарма төрағасы Айбек Қайып. 

АТФБанктің қазіргі клиенттері әдеттегідей барлық қызметтерді пайдалана алады. 

Талқылау