JAC T9 сатыла бастады: Қостанай қаласында"Jańa Dala/Green Day '2024" шарасында жаңа пикап көліктің тұсаукесері өтті
Қазақстандық Allur автомобиль компаниясының құрамына кіретін JAC Motors Qazaqstan-ның ресми дистрибьюторы JAC T9 пикап көлігінің сатылымының басталғаны туралы хабарлады.
Автомобиль өнеркәсібінің бұл жаңалығын"Jańa Dala/Green Day '2024" дала күні көрмесіне келген қазақстандықтар алғаш білді. Көрме өңірдегі заманауи ауыл шаруашылығы технологиялары мен жоғары өнімді техниканы көрсетуге бағытталған. Жаңа көліктің ресми тұсаукесерінің дәл осы іс-шарада болуы кездейсоқтық емес. Себебі жыл сайын өткізілетін шарада республикалық өнеркәсіпті дамытудың маңыздылығы талқыланады.
JAC T9 – қуат пен сенімділікті біріктіретін компанияның ең жаңа моделі. Автокөлік 8 жылдамдықтағы автоматты беріліс қорабымен, 224 а.к. 2 литрлік бензин қозғалтқышымен жабдықталған. “Стандарт”, “Спорт”, “Эко” және “Қар” деп аталатын төрт қозғалыс режимінің арқасында пикап әртүрлі жол жағдайларына бейімделе алады. Беріліс қорабындағы төрт доңғалақты жетек пен механикалық құлыпталатын артқы дифференциал көлікті күрделі жағдайларда да жеңіл өтімділікпен қамтамасыз етеді. Ал корпустың рамалық дизайны оның сенімділігі мен төзімділігін көрсетеді.
JAC T9 дизайны толық жарықдиодты үш деңгейлі оптикамен және массивті тік тор сызықтарымен жабдықталған. Қатаң корпус сызықтары көліктің күштілігі мен мықтылығын көрсетеді. Ал 18 дюймдік екі түсті дөңгелектері жаңа пикаптың профилін керемет толықтырады.
JAC T9 пикапының ішкі кеңістігі кез келген жағдайда жайлылық береді. Ыңғайлы көлік интерьеріне бес адамға дейін оңай сыйады. Ал артқы жағына тіпті үлкен көлемді жүктерді тасуға болады. Заманауи интерьер дизайны мен көп функционалдығының арқасында JAC T9 демалысқа шығу үшін де, күнделікті тапсырмаларды орындау үшін де таптырмас құрал.
Көлікте жүргізуші мен жолаушылардың қауіпсіздігі үшін активті және пассивті қауіпсіздік жүйелері қарастырылған. Мәселен, мұнда жолда төмпешіктерге көтеріліп, түскенде көмектесетін төтенше тежеу, ауырлық күштерін бөлу, мен тежегіш күшін бақылау функциялары мен айналмалы камералары бар.
Ұзындығы 5330 мм, ені 1965 мм және биіктігі 1920 мм, JAC T9 өлшемі 1520x1590x470 мм және жүк көтергіштігі 1000 кг болатын көлік кең жүк бөліміне ие. Ал жүк бөліміндегі қорғаныс жабыны оның сақталуын қамтамасыз етеді.
JAC T9 ауылшаруашылық және тау-кен компаниялары үшін де, саяхатқа, белсенді демалысқа құмар адамдар үшін де пайдалы құрал. Көліктің қуаты, сыйымдылығы, сенімділігі және функционалдығы оны ең ауқымды тапсырмаларды орындауда таптырмас таңдауға айналдырады.
Қазақстандық "Jańa Dala / Green Day '2024" “Дала күні” шарасы агробизнес пен басқа да саладағылардың назарын жаңа көлікке аударуға тамаша алаң болды. JAC T9 қиын жағдайларда да жұмыс істеуге мүмкіндік беретін керемет таңдау. Қазақстан нарығында ол құны 16 490 000 теңгеден Luxury жалғыз жиынтығында ұсынылған.
Автокөлік туралы толық ақпаратты сайттан оқи аласыздар. Одан бөлек, өз қалаңыздың JAC дилерлік орталығынан біле аласыздар.