Израильде көшеде бетпердесіз жүруге рұқсат берілді
Израильдің денсаулық сақтау министрлігі көшеде масканы міндетті түрде тағу туралы бұйрықты алып тастау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бүкіл ел бойынша статистика көрсетіп отырғандай, сырқаттанушылық деңгейінің төмендеуіне байланысты 2021 жылдың 18 сәуірінен бастап көшеде маска тақпауға рұқсат етіледі", - делінген министрліктің сайтында.
Соған қарамастан Израильдің денсаулық сақтау министрлігі ашық ауадағы жиналыстарда бетперде тағуды ұсынады. Жеке тұрғын үйді қоспағанда, үй-жайларда бетперде тағу міндетті болып қала береді.
"Үйің мен көлігің бар": Түркістанда көпбалалы ана үйіне келіп жәрдемақыдан бас тартуды талап еткендерге шағымданды
Әсел: "Сөйте тұра маған “сіз А категориясындағы отбасына жатасыз" деді"
Франция халқы неліктен наразылыққа шықты: Қымбатшылық, миграция әлде саяси дағдарыс па?
Наразылық Париж маңындағы елді мекендерден басталды