Израильде ерлі-зайыпты 10 айлық сәбилерін аман алып қалу үшін ХАМАС-тың жеті мүшесін өлтірді
Израильде ерлі-зайыпты ХАМАС әскерилері үйіне кіріп келгенде жетеуін өлтіріп тастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мұны Израильдің Украинадағы консулы Олег Вишняков айтты.
Кибуц Кфар-азада Адар мен Итай Бердичевскийлер – Израиль армиясының офицерлері. Олардың үйінде қару-жарақ болған. Содырлар үйлеріне жақындағанын байқап, ерлі-зайыптылар 10 айлық егізді жертөлеге жасырып қойған.
Олар жеті адамды өлтіргенімен, өздері оққа ұшты.
13 сағаттан кейін балаларды туыстары жертөледен тауып алған.
"Олар қауіпсіз жерде болды. Егіз сәбиді Итайдың ағасы мен Адардың әкесі тапты, олар осы уақыт ішінде террористермен шайқасты. Ондаған адамды құтқарғанымен, өз жақындарына уақытында жете алмады", — деді консул.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"