Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Израиль Сирия астанасындағы Иран консулдығына әуеден шабуыл жасады

Дамасктегі Иран консулдығының ғимараты Израиль жасаған соққы салдарынан толықтай қирап қалды, құрбандар бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Deusche Welle

Жергілікті Irna басылымының жазуынша, ирандық әскери кеңесші, 2016 жылға дейін Ливан мен Сириядағы элиталы “Кудс” күштеріне жетекшілік еткен генерал Али Реза Захди қаза тапты. 

Al Hadath басылымының ақпараты бойынша, жалпы жасалған соққылардан сегіз адам мерт болды. 

Ирандық елші Хосейн Акбари мен отбасы шабуыл кезінде зардап шекпеген. 

Айта кетейік, Иерусалимде үкіметтің отставкаға кетуін талап еткен халық төрт күндік наразылық шеруін бастады.

Наразылық акциясын ұйымдастырушылар премьер-министр Биньямин Нетаньяху мен оның үкіметінің отставкаға кетуін талап еткен. Сонымен қатар наразылыққа шыққандар Израильде мерзімінен бұрын сайлау өткізуге және ел басшыларын Газада тұтқында отырған 130 тұтқынды босатуға мүмкіндік беретін келісімге келуге шақырды.

Бұл шеру 7 қазаннан бергі жасалып жатқан наразылық шараларының ең ауқымдысы болды. Ұйымдастырушылар 100 мыңнан астам адам наразыққа шыққанын айтса,  БАҚ-та 10 мыңнан астам адам қатысқан деген ақпарат тарады.

Талқылау