Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Израиль қорғаныс күштері Газа парламентін басып алды – БАҚ

Израиль қорғаныс күштері Газа парламентін басып алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Times of Israel басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото:The Times of Israel

Әскерилер Израиль туын ұстап, ғимарат ішінде суретке түскен.

Айта кетейік, заң шығарушы кеңестің бұл ғимаратында 2007 жылдан бері ХАМАС қозғалысының мүшелері орналасып келген. 

"Фотосуретте лаңкестік ұйымның заң шығарушы кеңесі ғимаратында Израиль жалауын мақтанышпен ұстап тұрған бір топ сарбаз бейнеленген. Израиль қорғаныс күштері жоспарға сәйкес әрекет етеді және нақты барлауды пайдалана отырып, әуе, теңіз және жердегі күшін дәлдікпен қолданып, миссияларын орындай алады", – деп жазады The Jerusalem Post.

Айта кетейік, Израиль мен Палестина арасындағы қақтығыс 7 қазанда таңертең басталды. Израильдегі тұрақсыз жағдайға байланысты Air Astana әуе компаниясы Тель-Авивке барлық рейсті уақытша тоқтатты. Еліміздің Тель-Авивтегі елшілігі Израильдегі жағдайға байланысты Қазақстан азаматтарына мәлімдеме жасады. Түрік оппозициясы мен Иран парламенті Израиль мен Палестинаның арасындағы әскери қақтығыста Палестинаны қолдады.

Талқылау