Иттерін қорғау үшін аюмен арпалысқан бойжеткен желі қолданушыларын таңғалдырды (видео)
АҚШ-та 17 жастағы қыз иттерін қорғау үшін аюмен төбелесті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі NYDailyNews басылымына сілтеме жасап.

Оқиға 31 мамыр болған. Хейли Моринико отбасымен бірге болған кезде ауласында иттердің үргенін естіген. Не болғанын көруге барған қыз дуалға екі қонжығы бар аюдың шыққанын көрген.
Оқиғаның видеосын Хейлидің немере ағасы TikTok-та көңілді музыкамен жариялады. Ролик 63 миллионнан астам рет қаралған.
Кадрлардан жыртқыштың үлкен итке ұмтылғанын, ал үш кішкентай ит үріп, ауланы айналып жүгіргенін көруге болады. Қыз аюға жүгіріп барып, оны итеріп жібереді де, қоршаудан құлатады. Осыдан кейін Хейли иттердің бірін көтеріп, үйге қарай жүгіреді. Аю дуалдың арғы бетінен қарайды да, кейін кетіп қалады.
Басылымның мәліметінше, қыздың еш жері зақымданбаған, иттер де зардап шекпеді.
Қазақстандық әйел топтық зорлаудан кейін 17 жасында бала туған: Ол америкалық ата-ана асырап алған қызын іздеп жүр
Кезінде топтық зорлыққа ұшыраған Наталья Қалымбетова 30 жылдан кейін жан сырын ақтарды
Қазақстандыққа Қытайда адам өліміне кінәлі деген айып тағылды: Күдіктінің өзі шабуыл жасағандардан қорғанғанын айтып отыр
Отбасы: "Қазақ қызының намысын қорғау үшін басталған оқиға адам өлімімен аяқталып отыр"