Италияда ұшақ ғимаратқа соғылып, жарылып кеткен: 8 адам көз жұмды
Италияның Милан қаласында жекеменшік ұшақ кеңсе ғимаратына соғылды, оқиға салдарынан сегіз адам көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, ғимарат тұрғындардың пайдалануында болмаған.
Ұшақ Миланның Линате әуежайынан Сардиния аралына бет алған. Алайда әуе кемесі қаланың сыртындағы ғимаратқа құлап, жарылып кеткен. Нәтижесінде сегіз адам көз жұмған, олардың арасында бір бала бар.
“Ұшақ қозғалтқыштарын өшіргендей дауыс естідім. Содан кейін қатты жарылыстың дауысы шықты. Терезелер шайқалып кетті, сырттан қара түтін көрінді”, – дейді Джузеппе есімді оқиға куәгері.

Жергілікті басылымдардың мәліметінше, ұшақ бортында Франция азаматтары болған, алайда бұл ақпарат әлі расталмады.
Өрт шыққан ғимарат әлі пайдалануға берілмеген, жаңадан салынып жатқан. Жарылыстан пайда болған өрт көп ұзамай сөндірілген.
"Тегін тексермей, ақылы қызметке жіберді": МӘМС жайлы айтқан алматылық емхана қызметкері қысым көріп, жұмыстан шығарылғанын мәлімдеді
Қызметкер: "Бізде бәрі осылай істейді" деген сөздер айтылды"
Желіде 69 жастағы қазақстандық әжейдің ұзату тойы талқыға түсті: Ол мұны елу жыл бойы армандаған
Тойда қалыңмал беріліп, киіт ашылып, дәстүрлі жөн-жоралғылар орындалған көрінеді