Италия Еуро-2020 ойынында Түркияны жеңіп кетті
Көптен күткен Еуро-2020 чемпионаты басталды. Италия құрамасы Түркия құрама командасын жеңіп кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Матч Рим қаласында, Олимпиада стадионында өтті. Еуро-2020-дағы алғашқы гол автогол болды. Бұл чемпионат тарихында бірінші рет.
"Ювентустың" қорғаушысы Мерих Демираль сәтсіз соққы беріп, өз қақпасына гол соқты. Бұған дейін Түркия Италия қақпасына бір рет қана соққы жасады, ал екінші соққы өздігінен түсті.
Италия бүкіл матч бойы қарсыластан айқын басым болды. Автоголдан кейін түрік командасы мүлдем ақсай бастады. Қарсылас команда тағы екі гол салды. Чиро Иммобиле мен Лоренцо Инсинье гол соғып, есепті 3:0-ге жеткізді.
Келесі ойында Италия Швейцариямен, Түркия Уэльспен ойнайды.
Еуропа чемпионаты 11 шілдеге дейін жалғасады. Финал Лондондағы Уэмбли стадионында өтеді.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған
