Ит көлік рөліне отырып, айыппұл қағазын алды
Германияда ит көлік рөліне отырып, айыппұл қағазын алды. Иесі айыппұл туралы ескертпе қағазы келгенде көлік рөлінде отырған итінің суретін көріп, таңырқап қалған. Бұл туралы The Dodo сайты жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Иттің иесі бір күні пошта жәшігінен айыппұл қағазын тапқан. Оны ашқанда айыппұл көлеміне (50 еуро)емес, ондағы иттің суретіне таңғалған. Фотода жануар жолға мұқият қарап отыр. Сырт көзге қарағанда, адамның көмегінсіз көлік жүргізіп бара жатқанға ұқсайды.
Болған оқиғаны ит иесінің жиені түсіндіріп берді. Айтуынша, әдетте ағасы итке белбеу тағып қоятындықтан, жануар көлік салонында өзін еркін ұстай алмайды. Айыппұл алған күні ол белбеу тағуды ұмытып кеткен, ит оның тізесіне секіріп отырып алған. Жануар иесінің аяғында бірнеше секунд отырғанымен, дәл сол сәт суретке түсіп қалған.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр