Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ішкиімсіз билегің келеді": Айсәуле Бақытбек ата-енеден бөлек тұруға кеңес берді

Белгілі онколог-дәрігер Диляра Хайдарованың келіні, актриса Айсәуле Бақытбек ата-енеден бөлек тұрғанның артықшылығын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/aissaulebakytbek/

Айсәуле жолдасы Әлішермен Сәтті және София есімді қыздарды тәрбиелеп отыр. 

“Менің енем керемет адам. Бірақ мен онымен бірге тұруды қаламаймын. Бірге тұрсаң өмір бойы бала боп қалуың мүмкін. Мен өз үйіме өзім қалаған ыдысты алғым келеді. Кейде ішкиіммен немесе ішкиімсіз билей салғанды ұнатамын. Өз үйімде ешкімнен қысылмай, қымсынбай өмір сүрсем деймін. Қазіргі өмірім сондай, қаласам түске дейін ұйықтап аламын. Үйімді көңілім түскенде ғана жинаймын және ол үшін өзімді жазғырмаймын. Негізі бала ата-анасынан көргенін істейді, сондықтан кішкентай кезінен олардың бір-біріне деген махаббатын, еркелеткендерін, құшақтасып, сүйіскендерін көріп өсуі тиіс. Болашақта мен де қыздарымның ата-енесінен бөлек тұрғанын қалар едім. Әр әйелдің өз асханасы, өзі билеп-төстейтін үйі болуы тиіс", – деді желі жұлдызы.  



Сонымен қатар Айсәуле жер сілкінісі кезінде ата-енесінің үйін паналағанын жасырмады. Алайда көп аялдамай, өз үйлеріне көшіп кеткен. 

“Жер сілкінісінен кейін бір жарым ай ата-енеміздің үйіне барып тұрдық. Ол кісілер бізді қуана қарсы алды, бірақ өз үйімізге қайтқанда екі есе қуанған шығар. Себебі біздің екі баламыз, ол екеуіне екі күтушіміз бар, екі итімізді қосып алғанбыз. Оның бәрін бір үйге сыйғызу, қонақ ету оңай емес. Бірге тұрған күндеріміз жақсы тәжірибе болды, бірақ бөлек тұрғанның рахаты басымдау”, – деп шынын айтты Айсәуле. 

Фото: https://www.instagram.com/aissaulebakytbek/

Еске салайық, Айсәуле бақытбек жер сілкінісі кезінде үйлерінің қабырғасы жарылғанын жазған едік. 

Талқылау