Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ішкі істер министрлігінің басшысы қатаң карантиннің енгізілуіне байланысты қазақстандықтарға жүгінді

ҚР ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев 5 шілдеден бастап енгізілетін шектеулерге байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Өзімізге пәтер тұрғыза алмаймыз»: Тұрғымбаев полицейлерге арналған баспана туралы

"Құрметті жерлестер! Коронавирус инфекциясының таралуының өршуіне байланысты мемлекеттік комиссия 5 шілдеден бастап екі апталық ішінара шектеулер енгізуді ұйғарды.

Олардың қатарында шағын және орта бизнестің жекелеген санаттарының қызметін тоқтата тұру, қоғамдық көліктерге тыйым салу, азаматтардың көп жиналатын орындарында жүруіне шектеу салу, сондай-ақ бұқаралық іс-шараларға тыйым салу бар.

Мұның бәрі инфекцияның таралуын болдырмау үшін жасалады. Кәсіпорындар, азық-түлік дүкендері, дәріханалар, банктер, халыққа қызмет көрсету орталықтары қысқартылған кесте бойынша жұмыс істейді.

Біздің азаматтарымыз жауапкершілік танытып, өздерінің өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған санитарлық-алдын алу шараларын сақтайтынына сенімдімін.

Осы мерзім ішінде ішкі істер органдары қызметтің ерекше режиміне ауысады.

Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі азаматтарды әлеуметтік қашықтықты, маска режимін сақтауға, өзге адамдарды шақырумен өтетін іс-шаралар өткізбеуге және олардың байланыстарын барынша азайтуға шақырады.

Полиция қызметкерлері денсаулық сақтау органдары мен санитарлық-эпидемиологиялық қызметтерге коронавирустың таралуын локализациялау бойынша шектеулі шараларды қамтамасыз етуде жан-жақты көмек көрсетуді жалғастырады.

Сонымен қатар, ресми ақпарат көздеріне ғана сену керек. Жалған ақпараттың авторлары мен таратушылары анықталып, жауапқа тартылады.

Шектеулердің тиімділігі әрқайсымызға байланысты. Тек бірлескен күш-жігер, шыдамдылық пен түсіністік таныту, тынымсыз режимде қызмет ететін медицина қызметкерлері мен полиция қызметкерлеріне көмектесу арқылы біз бұл қауіпке төтеп беріп, азаматтарымыздың денсаулығын сақтау мен қауіпсіздігін қамтамасыз ете аламыз!", - деді ішкі істер министрі.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік комиссия 5 шілдеде 00:00-ден бастап 14 күн ішінде қатаң карантин енгізу туралы шешім қабылдады. Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты бұл шектеу шаралары 2 аптаға ұзартылуы немесе күшейтілуі мүмкін.

 

Талқылау