“Ішіп кетемін”: Танымал тележүргізуші Мәдина Сәдуақасованың сұлулығына таңдай қақты
Сұлулық эталоны саналатын Мәдина Сәдуақасова тағы да қарапайым жұрттың көңілін қалдырды. Әнші ашық-шашық кейіптегі суретін жариялап, желіде қызу талқыға түсті. Ал танымал тележүргізуші Аман Тасыған Мәдинаның сұлулығына таңдай қақты, деп жазады Stan.kz тілшісі.
Сәдуақасова су жаңа фотосессиясын жариялап, ішкі жай-күйін Мағжан Жұмабаевтың сөзімен жеткізді:
“Жандым-күйдім, сені ойлап, дамыл көрмей,
Еш жанға сенен басқа көңіл бермей”.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жандым-күйдім, сені ойлап, дамыл көрмей, Еш жанға сенен басқа көңіл бермей… #МағжанЖұмабаев
Желі қолданушылары Мәдинаның соңғы кездері өзгеріп кеткенін айтып ашынды.
“Саған өзіңнің образың жарасатын еді”, “Соңғы уақытта Мәдинаға не болған”, “Әдемі деген сайын шешіне бастапты. Образыңыз еш жараспайды”, – деп ашынды желідегілер.
Ал тележүргізуші Аман Тасыған Мәдинаның сұлулығына қызыға қарағанын ашық жеткізген.
“Мәдина, сұлу әрі ақылды қызды көргенде, мен секілді онша емес жігіттер ішіп кетеді – ау”, – деп пікір білдірді ол.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.