Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ішімдегі баланы дәрі ішіп түсірдім": Бойжеткен өзінің сәби сүйе алмағанын айтып, мұңын шақты

Аборт жасатып сорлап қалған қыздар қаншама? Сондай қаракөз қыздарымыздың бірі желіде janym_baklajanym деген есіммен таныс болған Айдынға мұңын шағып хат жазған екен. Бойжеткен қыздарға ақылын айтып, өзінің басындағы жағдаймен бөліскен. Оны сенген жігіті зорлап кеткен, сөйтіп ол жүкті болып қалыпты деп жазады Stan.kz.

аборт

«Мен қарапайым отбасынан шыққанмын. Анам өте шыдамды ақылды кісі еді. Ал әкем өте ашуланшақ кісі болатын. Біз әкеміздің жылуын көрмей, оның түрлі әрекеттерін көріп өстік. Әкемді сол кезде қатты жек көретінмін. Содан мен жылулықты сырттан іздедім, яғни ер адамнан. Ол кезде 16 жаста едім. Бір жігітпен таныстым, жүрдім. Ол мені «өте қатты сүйем, сені аламын. Сенсіз өмір жоқ» деді. Мен оған сендім балалық сезіммен. Ол менен бір күні «Сен қызсың ба?» деп сұрады. Мен өзімнің әлі де он екі де бір гүлім ашылмағанын айттым. Бір күні ол мені тамақтануға кафеге шақырды. Оның көлігі бар еді. Ол маған арнайы шырын алдыртты. Оны ішкенім сол, басым айналып ұйқым келді. Басым ауырған соң мені үйге апаруын өтіндім. Көлігіне отырғызып, үйге апара жатқандай болған. Мен ұйықтап кетіппін. 

Бір уақытта оянсам, танымайтын пәтерде тыржалңаш жатырмын. Төсек қан. Пәтерде ешкім жоқ. Айғайлап жылап, өзіме қол салуды ойладым. Бірақ анамды ойладым. Күш жігерімді жинап үйге қайттым. Ата-анама ештеңе айта алмадым. Бір айдан кейін жүкті екенімді білдім. Ал әлгі жігіт мүлде жоқ болып кеткен. Телефонына қоңыпау шалсам, алмайды. Тіпті достары да жауап қатпады. Сосын мектептегі сабақтан соң, жұмыс істейтін болып шештім. Ақша жинап, аборт жасату үшін гинколог-дәрігерге жазылдым. Ол УЗИ-де баланың жүрек соғысын тыңдатты. Жүрегім ауырды, қатты жыладым. Сөйтіп ішімдегі баланы дәрі ішіп түсірдім. 

Бір жылдан кейін 11-сыныпты бітіріп, медициналық колледжге оқуға түстім. Егқандай жігітке сенбейтінмін. Өйткені қыз емес екенімді білгендер мені пайдалануды ойлап тұратын. 2-курсты бітірген жылы бір жігітпен таныстым. Оған бар шындықты айттым. Ол мені ұнататынын және үйленгісі келетінін жеткізді. Сөйтіп отбасын құрдық. Бірақ оған бала алдыртқанымды айтпаған едім. Қазір үйленгенімізге бір жыл болды. Әлі сәбиіміз жоқ. Көтере алмай жүрмін. Бармаған жерім жоқ. Сол үшін қыздар қандай жағдай болса да баланы алдыртпаңыздаршы...»

Талқылау