“Ішім бар сияқты…” Таяуда тұрмысқа шыққан Ерке Есмахан алғаш рет жүктілігіне қатысты бүкіл шындығын айтты
Жеке өмірін жұрттан жасыруды қойған әнші Ерке Есмахан тағы да көптің талқысына түсті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

©instagram.com/erke_esmahan
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасына сурет жүктеп, көпшілікті қызықтырып қойды. Ерке Есмаханның оқырмандары әншінің аяғы ауыр деп топшылады.
Желі қолданушысының: “Неге суретте аяғыңыз ауыр сияқты?” деген сұрағына Ерке Есмахан: “Сіздер де аңдып...Ол баяғыда қыз кезімде түскен сурет қой. Неге жанынан қарағанда ішім бар сияқты боп тұрғанын білмеймін. Инстаграмға шықсам бірден өсек тарап кетеді. Тып-тыныш, ешетеңе салмай отырғаным жақсы еді”, – деп жазды өнер иесі.

"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"
