Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ирландиялық фотограф Қазақстандағы ғарышкерлер қонатын орында түсірілген суреттерді жариялады

Ирландия тумасы, белгілі фотограф Эндрю Макконелл ғарышкерлердің Жерге қайтып оралатын орнын көрсетті. Бұл үшін Қазақстанға келген ол Байқоңырдан фотосуреттер легін жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The New Yorker басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Макконел

Фото: Эндрю Макконел, ресей ғарышкері Федор Юрчихин мен америкалық Пегги Уитсон и Джеком Фишердің Жерге қону сәті, 2017. 

Эндрю Макконел ғарышкерлер отырған капсуланың Жерге қону сәтін тамашалау үшін алғаш рет 2015 жылы елімізге келген екен. Ал 2015 және 2023 жылдар аралығында ғарышкерлердің капсуламен Жерге оралуын ондаған мәрте көріп, фотоға түсірген. Бұдан бөлек Байқоңыр ғарыш айлағы мен аймақтағы ауыл тұрғындарының тұрмыс-тіршілігін де объективінің нысанына алыпты.

Фото: Эндрю Макконел, НАСА ғарышкері Кейт Рубинс, ресейлік ғарышкер Анатолий Иванишин мен жапониялық бортинженер Такуя Онисидің "Союз МС-01" кемесімен Жерге оралуы, 2016.

Макконел

Фото: Эндрю Макконнелл, ұшу алаңы №1, Байқоңыр, Қазақстан, 2015.

Макконелдің сөзінше, ғарышкерлер отырған капсуланың қонған сәтін тамашалауға өте аз адам келеді. Кейде жергілікті тұрғындар атқа мініп келеді екен. Ал кейбірі ғарыш кемелерінің бөліктерінен қоршау, малға арналған қора салып алған дейді. 

макк

Фото: Эндрю Макконнелл, Кенжебай-Самай, Қазақстан. 2017

Макконел

Фото: Эндрю Макконнелл, Қарағанды облысындағы темір жол вокзалы, 2016/Кенжебай-Самай, Қазақстан, 2022

Талқылау