Шығын 1 миллиардқа жуық: "Сыбаға" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру кезіндегі ақша жымқырған күдіктілер ұсталды
"Сыбаға" мемлекеттік бағдарламасы аясында "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Ақтөбе филиалында ірі қара мал сатып алу үшін несие қаражатын алу кезінде алаяқтық фактілері анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: kfm-kasachstan.net
Тергеу барысында күдіктілердің жалған құжаттарды пайдаланып, асыл тұқымды ірі қара сатып алу үшін бөлінген несиелік қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырғаны белгілі болды. Сонымен қатар басқа тұлғаларға шаруа қожалықтарын рәсімдеген 3 тұлға анықталды.
Құқыққа қайшы әрекеттері арқылы олар мемлекетке жалпы сомасы 970 млн теңгеге аса ірі мөлшерде залал келтірген.
Қазіргі таңда 3 күдікті ұсталып, оларға қатысты сот "Қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды. Күдіктілердің шамамен 260 млн теңгеге жылжымалы және жылжымайтын мүлкіне тыйым салынды.
"Жалақы көтеріліп, түнгі жұмысқа үстеме ақы қосылады": 1 маусымнан бастап Қазақстанда не өзгереді?
Ең үлкен өзгерістердің бірі теміржол саласында болмақ
92 жастағы қазақстандық алимент өндіру үшін 8 баласын сотқа берді: Баладан алимент алу тәртібі қалай жұмыс істейді
Егер тараптар өзара келісімге келе алмаса, алимент мөлшерін сот белгілейді