Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иранның жаңа президенті кім болатыны анықталды

Ирандағы президент сайлауында Масуд Пезешкян жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі mehrnews.com сайтына сілтеме жасап.

Фото: ria.ru

Сайлау додасында Пезешкян 16 миллион 384 403 дауыспен жеңіске жетсе, оның қарсыласы Саид Джалили 13 миллион 538 179 дауыс жинады.

Пезешкян 1954 жылы 29 қыркүйекте Батыс Әзірбайжан облысының Махабад қаласында дүниеге келген.

Масуд Пезешкян - Иран парламентінде Табриз, Оску және Азаршахр сайлау округтерінің өкілі болған. Сонымен қатар 2016-2020 жылдар аралығында парламент төрағасының бірінші орынбасары болған ирандық реформатор саясаткер. 2001-2005 жылдар аралығында ол президент Мұхаммед Хатами кезінде денсаулық сақтау министрі болды.

Білімі бойынша кардиохирург болған Пезешкян бұған дейін Тебриз медициналық ғылымдар университетінің ректоры қызметін атқарған. Қазір Иранның солтүстігіндегі беделді университеттің оқытушылар құрамының мүшесі.

Бұған дейін, ол 2013 және 2021 жылдары президенттік сайлауға түсіп, екеуінде де жеңіліс тапқан.

Пезешкян 1 маусымда, тіркеудің үшінші күні, бір топ жақтастарының сүйемелдеуімен Теһранның Ішкі істер министрлігінде жоғары лауазым үшін науқанға ресми түрде қосылды.

Пезешкян 19 мамырда Иранның солтүстік-батысындағы таулы аймақта тікұшақ апатынан қаза тапқан Ибрагим Раисидің орнына келді.

Талқылау