Иранда теракт болып, жүзден аса адам қаза тапты
Иранның Керман қаласында генерал Қасем Сүлеймани жерленген зиратқа апаратын жолда жарылыс болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ирандық YJC басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: tasnim
Басылымның мәліметінше, жарылыс салдарынан 103 адам қаза тауып, тағы 141 адам жарақат алған.
Жарылыс 3 қаңтарда генерал Қасем Сүлеймани қайтыс болғанының төрт жылдығына арналған шеру кезінде болды.
Иранның Tasnim мемлекеттік агенттігінің хабарлауынша, зираттағы Гүлзар кесенесі ғимаратының кіреберісінде бомба салынған екі сөмке жатқан, олар қашықтан басқару құралы арқылы жарылған болуы мүмкін. Жергілікті билік бұл оқиғаны теракт деп атады.
Еске салсақ, 2020 жылдың 3 қаңтарында Иран әскерінің атақты генералы Сүлеймани Ирак астанасы Бағдадта АҚШ әуе күштерінің шабуылы нәтижесінде қаза тапқан.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды