Иранда актриса хиджаб кимегені үшін екі жылға бас бостандығынан айырылды
Ирандық кино актриса Афсанех Байеган хиджабсыз көпшілік алдында шыққаны үшін екі жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Farsnews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Актриса кинокөрсетілімге хиджабсыз келіп, әлеуметтік желілерге фотосуреттерін жариялады.
Заңды сақтамағаны үшін Байеган екі жылға бас бостандығынан айырылды, жазасын бес жылдан кейін өтейді. Сондай-ақ әйел апта сайын психологқа "отбасылық құндылықтарға қас тұлғаның психикалық бұзылуын" емдеу үшін баруға міндеттелді, содан кейін денсаулығы туралы қорытындыны ұсынады.
Әрі оған екі жыл ішінде Ираннан кетуге тыйым салынды. Актриса өзін енді желілерге, Интернет кеңістікке сала алмайды.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі