Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иран Қазақстанға егіс алқаптарын суаруға арналған жаңа технологиясын бермек

Су ресурстары және ирригация министрлігі Иранның Қазақстанға егіс алқаптарын суарудың заманауи технологияларын ұсынатынын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Pixabay.com

Бұл суару қондырғылары жер асты суын пайдалану арқылы автоматты тамшылатып ылғалды тікелей өсімдік тамырларына жібереді. Иранда бұл технологиялар күріш өсіру кезінде су шығынын едәуір азайтуға, өнімділікті арттыруға көмектескен.  

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Иранның Қазақстандағы елшісі Али Акбар Джокармен кездесуде осы бағыттағы серіктестік туралы сөз қозғады.



"Бүгінде біз су қоймалары мен басқа да су шаруашылығы құрылыстарын салу және қайта құру бойынша ауқымды жұмысты бастадық. Иран компанияларының осы бағытта тәжірибесі бай. Олар тиімді технологияларды дамытып келеді. Елімізде Жамбыл және Түркістан облыстарында ирригациялық желілер қайта жаңғыртылып жатыр. Сондықтан су инфрақұрылымын салу мен жөндеуге арналған конкурстарға қатысу үшін Ираннан біздің елге кәсіпкерлерді шақырғым келеді", – деді Нұржан Нұржігітов.

Талқылау