Иракта ауруханада шыққан өрттен қаза болғандар саны өсті: Елде үш күндік аза тұту жарияланды
Ирак астанасы Бағдаттағы ауруханының өртенуінен қаза тапқандар саны 82 адамға жетті. Елдің денсаулық сақтау министрі мен Бағдад мэрі жұмыстан шеттетілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Еске салайық, Бағдадтың оңтүстік-шығысындағы коронавирус жұқтырғандарға арналған ауруханада сенбі күні түнде оттегі баллондары жарылуы салдарынан өрт шықты.
Куәгерлердің айтуынша, ғимараттың ішінде дүрбелең басталып, адамдар терезеден секірген. 200-ден астам науқас құтқарылды.
Екі қабатты аурухананың іші толығымен жанып кетті. Ал марқұмдардың көпшілігі көміртегі тотығымен уланған.
Аталған жағдайға байланысты Ирак премьер-министрі мұқият тергеу жүргізуді тапсырды. Сонымен қатар, ол елдің денсаулық сақтау министрі мен Бағдад мэрін міндеттерін орындаудан шеттетті.
Иракта үш күндік аза тұту жарияланды.
Қазақстан оқушылары басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген
"1 миллион 200 мың теңге сұрады”: Қазақстандық мұғалімдер мектепке жұмысқа тұру ақша сұрайтынын айтып наразы болды
Айман: "Олардың өз схемасы бар, ақшаны делдалдар арқылы қолма-қол сұратады"