Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иракта ауруханада шыққан өрт 30-ға жуық адамның өмірін қиды

Ирак астанасы Бағдатта инфекциялық аурухана өртеніп, 27 адам қаза болды, тағы 46 жарақат алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Рейтерге сілтеме жасап. 

өрт

Өрт сенбі күні түнде оттегі баллондары жарылғандықтан пайда болған. Ирактың үкімет басшысы Мұстафа әл-Кадими көз жұмғандардың туыстарына көңіл айтып, қайғылы жайттың себебін жедел анықтауға бұйрық берді. 

Қазіргі уақытта аурухананың басшылығы, әкімшілігі мен қауіпсіздік қызметі тергеуге алынған. 

Ресми деректер бойынша өрт жансақтау бөлімінен шыққан, қазірде толығымен сөндіріліпті. Ауруханада жатқан 120 науқастың 90-ы аман-есен эвакуацияланыпты. 

Айта кетсек, Иракта эпидемиологиялық ахуал өршіп тұр. Коронавирус жұқтырғандардың саны бір миллионға жетіп, ал аурудан көз жұмғандардың саны 15 мыңнан асқан.

Талқылау