Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ипотекалық қарызын төлей алмағандарды енді ешкім үйінен қуып шықпайды

Президент тапсырмасынан кейін Ұлттық банк қайта қаржыландыру бағдарламасын жаңадан қарап жатыр, деп хабарлайды КТК.

Бұл қайта қаржыландыруға жататын ипотекалық қарыз иелеріне қатысты. Ұлттық банк екінші деңгейлі банктерге қарызын төлей алмай қалғандарды үйінен қуып шықпай, басқа жолдарын қарастыруды ұсынып отыр. Басқа қандай жолдарын табуға болатынын қазіргі уақытта қаржы ұйымдарымен бірігіп қарастыруда. Қаңтардың басында ғана елбасы Ұлттық банкке ипотекалық қарызын өтей алмай жүргендердің мәселесін шешу жөнінде тапсырма берген болатын. Президент тапсырмасы бойынша, тек 2016 жылға дейін берілген ипотекалар мәселесі қарастырылмақ.

“Осы кезден бастап банктер ипотекалық қарызы барларды үйлерінен шығаруды тоқтатты. Осы күнге дейін 23 мың қарыз иесі қайта қаржыландырылып, баспаналарын сақтап қалған еді. Алдағы уақытта бағдарлама бойынша тағы 25 мың ипотеканы қайта қаржыландыру жоспарланып отыр”, – дейді ҚР ҰБ халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру бөлімінің бастығы Мениса Хуснутдинова.

Тағы да оқыңыз:

Елімізде 7 ақпаннан бастап күн қайта суытады

Шалғай ауылда тұратын қазақ баласына шетел әншісі ұсыныс жасады

Екі адамды құтқарған Өскемен тұрғыны елге жария болмау үшін есімін жасырып қалды

Талқылау