Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Індет өрши түсті: Ата-аналар ҰБТ тапсырып жатқан оқушылардың денсаулығына алаңдаулы

Алматыда ата-аналар вирус оқушылар арасында күрт өршіп кете ме деп күдіктенеді. Әсіресе, ҰБТ-ның алдындағы сынаққа барып жүрген балаларының денсаулығына алаңдаулы. Өйткені, олар тест тапсыратын орталыққа айналып кеткен тойхананы үш күннен бері жаптыра алмай жүр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюроға сілтеп. 

ҰБТ

Алматыда коронавирус жұқтырып, дәл қазір ауруханада 100-ден астам бала емделіп жатыр. Бүгіннің өзінде 54 баладан ковид анықталыпты. Бекшин бұл тек 14 жасқа дейінгі науқастаған балалар екенін айтады. Олардың басым бөлігі сабақты онлайн оқып, вирусты үйдегілерден жұқтырыпты. Яғни, бір отбасындағы үлкен балалардың сырттан инфекцияны тасуын жоққа шығармайды. Ал ата-аналар тест тапсыруға барған 11 сыныптағы балалары инфекцияны үйге тасиды деп үрейленеді. 

Бүгін дейін үш рет ескерту алған ұлттық тест орталығы Алматының "қызыл аймақта" екеніне қарамастан, тағы да оқушыларды сынақ тапсыруға шақырыпты. Әдетте түске дейін 200 оқушы тест тапсыруға келсе, бүгін бір дегеннен 300 оқушы кірген екен. 

Ал білім басқармасы дүйсенбіден бері мектеп оқушылары мен ата-аналарға эпид ахуалға байланысты бұл сынаққа келмесе де болады деп түсіндірдік дейді. Бірақ, тест тапсыруға құлшынып тұрған түлектерді тоқтата алмадық деп отыр.  

Мониторингтік топтан ескертуді енді ғана алып отырмыз деген ұлттық тест орталығы Бекшиннің соңғы қаулысында нақты бізге қатысты ешнәрсе түртіп жазылмаған дейді. Қаланың қауіпті аймақта тұрғанына қарамастан, дәл осы форматта сынақ өткізуге шектеу қойылмағанын айтып отыр. 

Әлі Алматыда тест тапсырмаған 6 мың 11 сынып оқушысы бар екен. 15 сәуірге дейін олардың сынақ тапсыруына мүмкіндік бергісі келіп отырған Ұлттық тест орталғы енді басқа ғимарат қарастырамыз деп отыр. Тойханаға таңғы 9-да 2242 теңге төлеп кіргізілген 300 түлек, мониторингтік топ келсе де, 3 жарым сағат бойы іште тест тапсырып отырды. Бекшин, қалаға қатысты қаулы барлық мекемеге ортақ әрі карантиннің күшейтілгенін тест орталығы өрескел бұзған деп отыр.

Еске салсақ, Қазақстанда грантқа түсу үшін компьютерлік ҰБТ 15 сәуірде басталып, 30 маусымға дейін жалғасады.

Талқылау