Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иммунолог: Омикрон тамақ жеп отырған сәтте жұғуы мүмкін

Иммунолог-дәрігер Владимир Болибок омикронды тамақ арқылы жұқтыруға болатынын айтты. Маманның айтуынша, вирус азық-түлік өнімдеріне түсіп, ол жерде ұзақ уақыт өмір сүруі мүмкін. Бұл туралы дәрігер "Москва 24" басылымына берген сұхбатында айтқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әсіресе мұздай және қатырылған тауарларда вирус ұзақ өмір сүреді екен. 

"Осындай байланыс арқылы вирус жұқтырған жағдайлар да бар. Ол бірінші толқын кезінде, ухань штамы таралып жатқан кезде болған. Қазіргі уақытта ғылыми қауымдастық бұл тақырыпқа аса қызықпайды, бірақ Қытай үнемі елге сырттан келетін, вирус табылған өнімдер туралы есеп беріп отырады. Сол себепті олар сырттан келетін тауарлардың толық дезинфекциядан өтуі туралы сұрақты алға қоюда", – деді маман. 

Иммунологтың сөзінше, коронавирус, оның ішінде омикрон штамы тағамдар мен сусындарға түсіп, онда ұзақ уақыт өмір сүруі мүмкін. 

"Бұл жерде сөз ыстық емес, суық тағамдар жайлы болып отыр. Өйткені жылыту кезінде вирус тез өледі. Инфекциялы сілекей тамшылары тек аста емес, ыдыста да қалуы мүмкін. Мысалы, бокалдың немесе қасықтың шетінде", – деп түсіндірді дәрігер. 



Аллерголог-иммунолог бұл тұрмыстық жолмен берілетін вирусқа жататынын атап өтті. Алайда адам инфекцияны тағаммен бірге жұтып қойған күннің өзінде ауырмауы мүмкін, деп атап өтті Болибок. 

"Егер де вирус асқазанға түсіп, әрі қарай қорытылса, омикронмен немесе коронавирустың басқа түрімен ауырмау ықтималдығы жоғары. Бұл кезде адамды тұз қышқылы қорғайды. Ал егер де адам ас үйдегі лас жабдықтарды пайдаланып, вирус ауыз қуысына түссе, адам оны жұқтырады", – деді дәрігер. 

Маманның болжамынша, балалар арасында коронавирустың белең алуы омикронның асқазанға түсуімен байланысты болуы мүмкін. Себебі: 

"Балаларда тұз қышқылы әлсіз бөлінеді. Кейде сүт қышқылымен араласып шығады. Осы физиологиялық процестің салдарынан балаларда коронавирустың асқазан-ішек жолдары арқылы тез өтуі байқалуы мүмкін. Бірақ бұған қатысты нақты деректер жоқ", – деп түйіндеді Болибок. 

Талқылау