Илья Ильин спорттың жаңа түрлерін меңгеріп жүр
Соңғы екі аптаның ішінде қазасқтандық спортшы велосипед, футбол, садақтан ату сынды спорт түрлерін байқап көрді. Бүгін ол өзінің инстаграм парақшасы арқылы теннис спортымен шұғылданып жүргенін жеткізді.

Фото: instagram.com/ilyailyin_official/?hl=ru
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
“Бәріне қайырлы кеш! Демалыстарыңыз қалай өтіп жатыр? Бүгін Астана-Қайрат матчына бардым. Мұнымен қатар, теннис кортында ойнап қайттым”, – дейді ол.
Естеріңізге сала кетсек, 27 тамыз күні спортшы велосипедке отырып, Боровойда өткен қайырымдылық шараға атсалысқан болатын. Тіпті, мәреден кейін алған әсерін бөлісіп, спорттық менеджмент болу туралы сұраққа жауап берген-ді.


Артынша Илья “Астана Аренада” садақтан оқ атумен айналысып жатқанын дәлелдеген суреттерін жариялады. Жуырда ол допинг дауына бола Рио Олимпиадасынан шеттетілген болатын.
Жіберіп алмаңыз:
Илья Ильин отбасылық видеосымен бөлісіп көпшіліктің жүрегін елжіретті (видео)
Қазақстандық банк қолданушылары шоттан жаппай ақша жоғалғанын байқаған: Банктің жауабы қандай
Freedom Bank баспасөз қызметі мәселені шешіп жатқанын мәлімдеді
Жүргізушілер Алматы әуежайында жолаушыларды түсіргені үшін салынған айыппұлдарға шағымданды: Полиция не дейді?
Полиция: "Әуежай аумағының жекелеген учаскелерінде 3.28 "Тоқтауға тыйым салынады" жол белгілері орнатылған"