AAPL
144.84 $
0.75 %
TSLA
843.03 $
3.02 %
NDAQ
203.02 $
1.19 %
GOOGL
2827.36 $
0.15 %
FB
324.76 $
-1.15 %
FRHC
63.3 $
-1.45 %
AAPL
144.84 $
0.75 %
TSLA
843.03 $
3.02 %
NDAQ
203.02 $
1.19 %
GOOGL
2827.36 $
0.15 %
FB
324.76 $
-1.15 %
FRHC
63.3 $
-1.45 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Илья Ильин 25 жастағы ауыр атлет өліміне қатысты пікір білдірді

Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин 25 жастағы ауыр атлет Альберт Линдердің өлімі туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ильин бұл туралы өзінің Instagram парақшасында жазды. Ол спортшының туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты.

"Альберт өмірден озды. Мұны өзі шешті", – деді ол видеода.

Мұндай қадам туралы айта келе, Ильин Альберт "Бір сәтте алды да спорттан, ауыр атлетикадан кетіп қалды" деп атап өтті.


Бекшин жаңа қаулы қабылдады: "Қызыл" аймақтағы нысандардың жұмыс режиміне өзгерістер енгізілді 


"Біз оның психологиялық жарақат алғанын түсіндік... Жігіттерімізді осылай жоғалтамыз. Мансабымыздан кейін біз ешкімге керек емес болып қаламыз. Өмірді қайтадан бастау керек болады. Ал сенің қолыңнан зілтемірді көтеруден басқа ештеңе келмейді. Өте аянышты”, – деді Ильин.

Спортшы мансабын аяқтаған жігіттерге назар аудару қажет екенін атап өтті.

“Менің жанымда ішіп, құр бос отырған, дұрыс жолда жүрмей, осындай жағдайдан шыға алмай жүрген балалар бар. Ақша жоқ, жұмыс жоқ, не істеу керектігін білмейсің. Спортшылар өз проблемаларымен жалғыз қалады. Содан кейін де осындай қайғылы жағдайлар орын алады.

Бір-бірімізге мұқият болайық, мансапты аяқтаған спортшыларға мұқият болайық. Олардың көпшілігі дарынды балалар. Оларға көмектесейік, оларға назар аударайық" – деді Ильин.

Айта кетсек, 25 жастағы дарынды спортшы, ауыр атлет Альберт Линдер көз жұмған болатын. Ол өзіне қол жұмсаған. Алматы облысының полиция департаменті ҚР ҚК-ның 105-бабы ("Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу") бойынша соталды тергеу басталғанын хабарлаған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр