Илеп итке тастай салсаңдар да: Ринат Зайытов мұңды жазбасымен елді жылатты
Айтыскер ақын біраз уақыттан соң үн қатты. Ұзақ үзілістен соң алғаш жазба жариялады. Көпшілік бастапқыда ашулы пікір жазғанымен, кейіннен қолдау көрсетті.
Ринат Зайытовтың президенттіңк сайлау кезінде белсенділік танытқаны бәрінің есінде. Сайлаудан соң өзім де алдандым деп кешірім сұрады. Осыдан соң көпшілік оған сенбестік танытты. Айтыскер желіде екіұшты жазба қалдырып, көпшілікті еріксіз жылатты.
Әрбір адам ертеңіне алаңдар
Дей алмаймын таусылмайтын шамам бар
Жек көрсең де, кектенсең де себепсіз
Мен сендерді түсінемін АДАМДАР
Жүрегіме сыймай қалған жамандар
Өзінікін дұрыс қой деп бағамдар
Бауырыңа баспасаң да бағалап,
Мен сендерге ренжімеймін АДАМДАР
Таптатпауға тырысумен табанға АР
Бейнетпенен ғұмыр кешкен адалдар
Илеп, илеп итке тастай салсаң да,
Мен сендерді жақсы көрем АДАМДАР.
"Бауырлар, ең алдымен, Ринат айтқан сөзді сендер айтып көріңдер тіке. Отбасыңды өлтіріп, дүние-мүлкінді тәркілеп қайыршы қылып жібереміз деп қинаса, көремін сендердің сасық намыстарыңның қай жерге дейін баратынын", "Жасымаңыз! Қасыңдамыз! Біз себебі, өлмейтін асылданбыз!", "Қазағымның бір ақыны 100 жасаңыз", "Алла, оларды кешірсін! Жүрегіңіздегі қызу жалынды сабырмен өшіріңіз! Шыр-пыр болып ақиқатты жақтасаңыз да, оны түсінер хәлі түзу халық көп емес болып көрінеді. Сабыр!", "Өкпеге қиса да, өлімге қимайтын қазақпыз ғой. Өкпелеме", - деп жазды желідегілер.