ІІМ Жанар Хамитованың өліміне қатысты түсініктеме берді
Ішкі істер министрлігі Жанар Хамитованың өліміне қатысты түсініктеме берді. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев үкімет отырысы аясында әнші Жанар Хамитованың өліміне қатысты түсінік берді.
«Жанар Хамитованың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Барлық жағдай тексеріліп жатыр. Өз-өзіне қол жұмсау фактісі бар екенін бәріңіз білесіздер, алайда кейбір нюанстардың болуына байланысты Қарағанды облысында қылмыстық іс қозғалды», - деді министр.
Еске салсақ, 16 қыркүйекте «Арнау» тобының экс-солисінің қайтыс болғаны туралы белгілі болды. Бұл туралы әнші досы Әбу Кай өзінің Инстаграмдағы парақшасында мәлімдеді.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды