Соңғы жаңалықтар

ІІМ өкілі Қазақстандағы марихуана өсіру бойынша көшбасшы өңірді атады

Ішкі істер министрлігі маусым мен қазан аралығында өткізген жыл сайынғы "Қарасора" арнайы операциясының нәтижелерін жариялады. Полиция қызметкерлері 21 тоннадан астам есірткі тәркіледі, оның ішінде 14 тоннадан астамы Қызылорда облысына тиесілі. Осылайша, аталған өңір қарасораны заңсыз өсіру фактілерінің саны бойынша антирейтингте көш бастады.

ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Тілеген Маткеновтің сөзінше, бірнеше ай бойы департамент бөлімшелерінің негізгі жұмысы еліміздің түрлі өңірлерінде құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру фактілерін анықтауға бағытталған. Қазақстанның оңтүстігіне ерекше көңіл бөлінген.

"Түркістан, Қызылорда және Қарағанды облыстарында қарасораны өсіретін 62 плантация жойылды. Сонымен қатар, салмағы 20 тоннадан асатын 53 мың түп қарасора алынып, жойылды. Қарасора өсірудің көшбасшысы Қызылорда облысы болды. Мұнда 48 плантация жойылып, 14 тоннадан астам құрамында есірткі бар өсімдіктер тәркіленді", - деді Тілеген Маткенов.

Сондай-ақ, оның айтуынша, марихуананы, оның туындыларын және басқаларын, соның ішінде есірткінің жаңа түрлерін дайындау, тасымалдау және сату фактілерін анықтауға көп көңіл бөлінді.

"Қарасор" операциясының нәтижесінде 830 қылмыс анықталды, оның ішінде 383 – сату фактісі, 162 – есірткіні заңсыз сақтау, 233 – қарасораны заңсыз өсіру. Үш ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі жойылды, оларға қатысты жеті қылмыстық іс қозғалды. Олардың екі көшбасшысы мен 16 қатысушысы қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Заңсыз айналымнан 21 тоннадан астам түрлі есірткі тәркіленді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр