"Иә дедім": Сақинамен түскен суретін жариялаған Жарқынай Ханайым жұртты таңғалдарды
Елге "Рауза" телехикаясының белгілі, өнер иесі Жарқынай Ханайым желіде сақинамен түскен суретін жариялап, қалың көпшіліктің қызу талқысына түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әнші бұл фотоны Instagram-дағы парақшасында жария еткен. Жарқынай Ханайым cуретте гүл шоғын ұстап, сақинасын көрсетіп тұр.
Актриса фотоның астына “Иә дедім” деген жазба қалдырған.
Оқырмандар әнші арудың жария еткен жаңалықты бірден қызу талқылап, оның рас-өтірігін біле алмай әлек болып отыр.
Жарқынай Ханайым бұл жазбасына қатысты әлі ресми пікір білдірмеді.
Еске салайық, таяуда актер Айдар Асқарбектің бұрынғы әйелі Жарқынай Ханайым болашақ жары ретінде кімді көретінін айтқан еді. Онда ол бұдан кейін өнер адамымен араласқысы келмейтінін атап өтті.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"