Huawei Ресейдегі қызметкерлерін Қазақстанға жіберді
Қытайлық Huawei компаниясы Ресейдегі қызметкерлерін Қазақстан, Өзбекстан және ТМД-ның өзге елдеріне жіберді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Ведомости" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Газеттің мәліметінше, олардың көбісі "ұзақ уақыттық іссапарға" жөнелтілген.
Huawei-дің баспасөз қызметі аталған ақпаратқа қатысты пікір білдірмеді. Telecom Daily сараптамалық агенттігінің бас директоры Денис Кусковтың айтуынша, Қазақстанға жіберілген қызметкерлер компанияның тек бұл елдегі емес, барлық ТМД-дағы дамуына жауап береді.
"Сот шешіміне дейін пәтерде тегін тұра ала ма": Үй иелері мен жалға алушылар Қазақстандағы жаңа өзгеріске байланысты нені білуі керек
Қожайындар енді екі айлық пәтер ақысын депозит ретінде бірден сұрайды
Қазақстандық оқушы ауа арқылы су тапшылығын жоюдың жолын қалай ойлап тапты: Оның өнертабысына шетел қызығуда
Ол жақында Венадағы БҰҰ штаб-пәтерінде Cleantech Days Forum 2026 форумында әлемнің үздік үш жас өнертапқышының қатарына енді