Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"ХІХ ғасырдағы ең семіз адамның" суреті интернет қолданушыларының таңданысын тудырды

"ХІХ ғасырдағы ең семіз адамның" суреті Reddit қолданушыларының таңданысын тудырды. Олар суреттегі адамды "айтарлықтай үлкен емес" деп бағалады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Морлан

Суреттегі Ченси Морлан есімді азамат 1890 жылы артық салмағына байланысты ұқынсыз адамдар циркінің құрамында болған.

Пікір қалдырғандардың көпшілігі суреттегі адамның қазіргі күнгі көшеде кездестіруге болатын адамдардан еш айырмашылығы жоқ екенін атап өтті. Сөздерінше, мұндай адамдарды Wallmart дүкенінен немесе Лас-Вегастағы казинодан жиі көруге болады. 
Ал кейбірі мұндай адамның мемлекеттен артық салмағы барларға берілетін арнайы мопедті де ала алмайтынын атап өтті. 



"Бұрын адамдар артық салмағы барларды көру үшін ақша төлеген, қазір мұны тегін, көшеде серуендеп жүріп те көруге болады. Тіпті жүздеген осы секілді адамды кездестіресіз", – деді пікір қалдырғандардың бірі. 

Сонымен қатар өзге ел тұрғындары Еуропада артық салмағы бар адамды өмірлерінде бірнеше рет қана кездестіргенін айтты. Ал америкалықтар май басудың елдегі басты проблема екенін растады. 

Талқылау