Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Хиджаб кию мен өлім жазасына қарсы шыққан: Иранда Нобель сыйлығының лауреатына қатысты жаңа сот процесі басталды

Иранда түрмеде отырған ирандық Нобель сыйлығының лауреаты Наргес Мұхаммедиге қатысты жаңа сот процесі басталды. Ол елдегі қыздардың хиджаб киюі мен өлім жазасына қарсы шыққаны үшін қамалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Guardian порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото flickr

52 жастағы Мохаммадидың үстінен Ирандағы міндетті хиджаб пен өлім жазасына қарсы үгіт-насихатқа байланысты бірнеше арыз түсіп, 2021 жылдың қараша айынан бастап түрмеге қамалған.

Оның адвокаты Нилидің айтуынша, Наргес наурыз айында өткен Дин Галибаф және заң шығарушы сайлауға бойкот жариялағаны үшін "мемлекетке қарсы үгіт-насихат жасады” деп айыпталған.

Мұхаммедидің отбасы соңғы сот процесі көпшілік алдында жүргізілуі керек екенін талап етуде. Айтуларынша Ислам Республикасының әйелдерге қарсы режимі жасаған жыныстық зорлық-зомбылық туралы куәлік бере алатындар бар.



Нобель сыйлығының лауреаты наурыз айында түрмеден аудио хабарлама жолдап, “Ислам республикасы әйелдерге қарсы толыққанды соғыс бастағанын” жеткізген.

1979 жылғы Ислам революциясынан кейін Иранда қабылданған ережелерге сәйкес, әйелдер шаштарын жауып, қоғамдық орындарда жабық киінуге міндеттелді.

Талқылау