Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ханның қызысың ба?": Қызылорда облысының әкімі желіде тараған видеоға қатысты түсініктеме берді

Жаңақорған қаласының тұрғыны Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіхалықованы жолдардың жабылып қалғанына байланысты сынға алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Желіде аймақ басшысы көшелердің жабылуына өзінің қатысы жоқ екенін айтып, көлікке мініп, кетіп қалғаны бейнеленген видео таралды.

"Сіз жолды жабуды бұйырдыңыз ба? Сіз ханның қызысыз ба? Неге сіз халықты қинайсыз, неге халықпен бірге емессіз?", - деді кадр сыртындағы әйел. 

Осыдан кейін әкімдіктің баспасөз қызметі Гүлшара Әбдіхалықованың пікірін жариялады.

«Бүгін менің Жаңақорған мен Шиеліге жұмыс сапарым болды, ауруханаларды аралап көрдім, оттегі беретін дәрі-дәрмектер мен жабдықтар бар-жоғын қарап шықтым. Жаңақорған аудандық жұқпалы аурулар ауруханасы жанындағы іс-сапар кезінде көлігімнің жанына Сандуғаш Тұрлыбекова келіп, жолдардың жабылғанын айтты. Мен де, аудан әкімі де мұндай тапсырма берген жоқпыз", - деді әкім.



Егер шешімді учаскелік полиция қызметкері қабылдаса, оның іс-әрекеті қарастырылатын болады, - деп қосты ол.

«Мен полиция бөлімінің бастығы Сұлтан Бектөреге жағдайды тексеруді тапсырдым», - деді Әбдіхалықова.

Полиция бөлімі «учаскелік полиция қызметкері қандай қателіктер жібергенін» анықтауы керек.

Талқылау