ХАМАС Газа секторының солтүстігіндегі бақылауын жоғалтты – Израиль
ХАМАС Газа секторының солтүстігіндегі бақылауды жоғалтты. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі Ria.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Мұны Израиль қорғаныс армиясының баспасөз хатшысы бригадир Даниэль Хагари брифингте мәлімдеді.
"Бүгін Газаның 50 мыңға жуық тұрғыны сектордың солтүстігінен оңтүстікке көшкенін көрдік. Олар сол аймақтан кетіп жатыр, себебі Газаның оңтүстігінде ғана дәрі-дәрмек, тамақ пен су жеткізілетін қауіпсіз аймақ бар екенін түсінеді", – дейді ол.
Бір күн бұрын Палестина территориясындағы Израиль үкіметінің іс-қимыл үйлестірушісінің кеңсесі мыңдаған адам гуманитарлық дәліз арқылы солтүстіктен оңтүстікке қарай жылжығанын хабарлады.
Израиль күн сайын Газа тұрғындарын бомбалаудан зардап шекпеуі үшін солтүстіктен Египет шекарасына жақын оңтүстік аймақтарға көшуге шақырады.
ХАМАС соғыс басталғаннан бері 10,5 мыңнан астам палестиналық қаза тапқанын мәлімдеді.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған