Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өтінішті жұмыс беруші беретін болады: Нұрымбетов 42500 алудың жаңа ережелері туралы

ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов шілдеде 42500 теңге алу үшін жаңа ережелер енгізілгенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Министр алдыңғы жолы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде жіберілген кейбір қателіктерді ескере отырып, кейбір талаптарды алып тастағанын жеткізді. Осылайша Нұрымбетов шілде айында жәрдемақы алу үшін кейбір өзгерістерге тоқталды. 

"Біріншіден, өзгеріс жалдамалы жұмысшыларға, қызметкерлерге қатысты. Біз бүгінгі жағдайларды ескеруге мәжбүрміз. Елімізде енгізілген төтенше жағдайға қарағанда қазіргі таңда біраз мекеме жұмыс істеп жатыр. Яғни құрылыс, өндіріс, қызмет көрсету, сауда салалары шектеумен жұмыс істеуде. Екіншіден, әр өңірдің бас санитар дәрігерлері сол облысқа қатысты ерекше шектеулерді орнатып жатыр. Үшіншіден, 1 сәуірден бастап біраз мекеме жұмысшылар үшін міндетті зейнетақы жарналары немесе әлеуметтік жарналарды төлеуден босатылды. Сондықтан біз осы жарналар арқылы қадағалау мүмкіндігіміз шектеліп отыр. Осыған байланысты министр жалдамалы жұмысшыларға қатысты өзгеріс болады", - деді Біржан Нұрымбетов.

Сонымен қатар, министр осы жолы жалдамалы жұмысшылар үшін өтінішті жұмыс берушінің өзі беретінін жеткізген. Яғни, жұмыс беруші адамның табыссыз ұалғанын растауы қажет. 

"Біріншіден, осы жолы біз жұмысшылар үшін зейнетақы жарнасы, әлеуметтік жарнасы төленгені туралы талап қоймайсыз. 12 айда кемінде бір төлем болуы керек деген талапты қоймаймыз. Себебі, оның мағынасы жоқ. Оның бәрін тексеріп, өткен жолғы төлемдерді ұстай алмаймыз. Екіншіден, 42 500 теңгенің төлегеннің тәжірибесін ескеріп, жалдамалы жұмысшылар үшін осы жолы өтінішті тек жұмыс берушілер ғана береді", - деп түйіндеді сөзін министр.

Еске салайық, бұған дейін шілде айында мұқтаж жандарға 42 500 теңге төлентіні белгілі болған еді. 

Талқылау