"Назарбаевтың кезіндегідей өтірік сөйлейді": Кәсіпкер Тоқаевтың Жетісуға сапарында халықтың өзекті мәселелерді айтпағанына ренжіді
Кәсіпкер әрі блогер Нұр Қанатұлы қазақстандықтардың өзекті мәселелерді биліктен өздері жасырып жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
 Фото: akorda.kz
Фото: akorda.kz
Ол президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жетісу өңіріне жасаған сапары мен кездесулерін akordapress Instagram парақшасынан көргенін, онда халықтың мәселелерді өздері жасырып, ештеңені ашып айтпағанын жеткізді.
"Мемлекет басшысымен кездесуде жергілікті ақсақалдардың, билік өкілдерінің, қоғам қайраткерлерінің ешқайсысы ащы шындықты айтпады. Барлығы өз өңірінің жағдайын мақтаумен ғана шектелді. Барлығы облыстың, тұрғындардың жақсы өмір сүріп жатқанын, ешқандай мәселе жоқ екенін айтты. Бұған дейін Назарбаевқа да осындай өтіріктер айтылып келген. Ендеше, бәрін билікке жауып, біздің барлық қиыншылықтарымыз бен проблемаларымызға соларды кінәлаудың қажеті жоқ. Бәріне де халық кінәлі", - деді блогер.
Талқылау
                            
                         
Үй алудың жаңа мүмкіндіктері: Алдағы уақытта қандай тұрғын үй бағдарламалары іске қосылады
Айта кетейік, қараша айында "Наурыз" және "Наурыз Жұмыскер" бағдарламалары бойынша өтініш қабылдау қайта басталады
            
                    
                 
"Жастар практикасы" арқылы жұмыс таптым": Қазақстандық колледж түлегі кілем фабрикасында еңбек жолын қалай бастағанын айтып берді
Бағдарламаға қатысушылардың басым бөлігі қыздар екен