Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Хабиб Нұрмагомедов әкесінің жағдайы туралы айтты

Ресейлік спортшы Хабиб Нұрмагомедов өзінің инстаграмдағы парақшасында коронавирус пандемиясына байланысты дағыстандықтарға жүгініп, әкесі Абдулманап Нұрмагомедов туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Спортшы Дағыстандағы коронавирустың кесірінен жағдайдың нашарлауына назар аударды және барлығын бірігуге шақырды. "Ауруханалар лық толы, көптеген адамдар ауырып жатыр, көптеген адамдар көз жұмды. Біз бірігіп қана бәрін жеңе аламыз", - деді Нұрмагомедов.

Спортшы дағыстандықтарды дәрігерлердің талаптарын орындауға шақырды. "Бір-екі күнде бізде Ораза-Байрам басталады. Бұл мерекеде біз қонаққа баратынбыз, қонақтарды қабылдайтынбыз, мерекелік намазға баратынбыз. Бармаңыздар, өтінемін ... Менде 20-дан астам  туыстарым жансақтау бөлімінде болды, олардың көпшілігі енді біздің арамызда жоқ", - деп қосты ол.

Нұрмагомедов сонымен бірге әкесінің жағдайы туралы айтты.

"Ғаламторда көптеген адамдар әкем туралы жазуда. Ол қазір ауруханада. Оның жағдайы өте ауыр. Вирустың кесірінен жүрегі ауырып қалды, өйткені біз бір жыл бұрын оның жүрегіне операция жасадық. Оған тағы да ота жасалды. Қиын жағдайда. Алладан оны бізге қайтаруын сұраймыз. Жазған, қолдаған, Алла Тағаладан оның денсаулығын сұрайтындардың барлығына үлкен рақмет! Алла бәрімізге көмектессін", - деді ол.
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр