Головкиннің Муратаға сыйға тартқан шапаны мұражайға қойылды
Бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкиннің жапониялық Риота Муратаға сыйға тартқан шапаны мұражайға қойылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақтың ұлттық киімі Риота Муратаның жетістіктеріне арналған экспозициялардың біріне орналастырылған.
Головкин сыйға тартқан шапан Муратаның WBA нұсқасы бойынша белбеуі және 2012 жылы өткен Олимпиадағы алтын медальмен қатар қойылды.
Еске салайық, 9 сәуірде Сайтама қаласында Геннадий Головкин Риота Муратаны нокаутпен жеңді. Кейін қарсыласына сыйластық танытып, жапониялық боксшыға өз шапанын сыйлады.
Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге алынса, Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
6,5 триллион теңге инфрақұрылымға жұмсалады: Бұл халықтың тұрмысын жақсарта ма?
"Қызымның арманы еді": Қазақстандық аналар баласын шетелге жіберуге рұқсат етпейтін әкелерге шағымданды
Әйел: "Талантты қызым конкурсынан қалды"

