Головкин: Тең түскеніміз – менің кінәм емес, мен жеңілген жоқпын (видео)
Головкин жекпе-жектен соң сұхбат беріп, жанкүйерлеріне алғыс айтты. Ол өзінің әлі де чемпион екенін айтты.

“Тең түсу – менің кінәм емес, мен қолымнан келгенін жасадым. Менің белбеулеріме қараңыздар, мен жеңілген жоқпын”, – дейді Головкин.
Сөз соңында спортшы “Үлкен, рақмет, жігіттер! Алға Қазақстан”, – деп қазақ тілінде сөз сөйледі.
Бүгін Головкин кәсіби бокста әлі бірде-бір рет жеңілмеген Triple G мексикалық бокстың жарық жұлдызы – Сауль “Канело” Альвареспен (49-1-1, 34 КО) жұдырықтасты. Төрешілердің шешім бойынша екі спортшы тең түсті.
Тағы да оқыңыз:
Головкин жекпе-жектен соң жанкүйерлеріне қазақ тілінде сәлем жолдады
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар