"Головкин-Альварес" бокс кешінде тағы бір қазақстандық өнер көрсетеді
Головкин-Альварес жекпе-жегінің андеркартында қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (18-1, 14КО) өнер көрсетеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі "Қазақстанның кәсіпқой боксы" парақшасында мәлім етілгендей, 27 жастағы Әли Ахмедовтің қарсыласы – Америка өкілі Габриэль Росадо (26-15-1, 15КО).
Боксшылар IBF-тің "суперамерикалық" белдігі және WBC Silver-дің супер орта салмақтағы титулы үшін бақ таластырады.
Жекпе-жек алдында Ахмедов пен Росадо дәстүрлі көз арбасу рәсімін өткізді.
Еске салайық, Головкин-Альварес жекпе-жегі 18 қыркүйек күні (астана уақытымен) Лас-Вегастың (США) T-Mobile Arena кешенінде өтеді.
Қазақстандықтар бокс кешін "Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналарынан тікелей эфирден көре алады. Басталуы – 18 қыркүйек, сағат 05:00. Басты айқас шамамен 08.00-де басталады.
"Тексермесе, төлемей отыра береді": Алматы тұрғындары жолақысын төлемейтін жолаушылар көбейгеніне шағымданды
Бұл мәселе желіде қызу талқыланып жатыр
Баланы ерте жастан мектепке беру оның болашағына инвестиция ма, әлде балалықты ұрлау ма?
Психолог ең алдымен баланың физикалық дайындығын ескеру қажет екенін жеткізді

