Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Голливуд жұлдызындай: Қазақ актрисасы Канн кинофестивалінде әлем халықтарының назарын аударды (фото)

Қазақстандық актриса әрі кинопродюсер Құралай Анарбекова әйгілі Канн кинофестиваліне қатысып, қызыл кілемнің үстімен жүріп өтті. “Жаужүрек мың бала”, “Брат или брак” кинокартиналары арқылы танылған Құралай сұлулығымен әлем жұртшылығының назарын аударды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Құралай Анарбекова

Құралай Анарбекова Канн кинофестивалінде

“Бала күнімде әдемі көйлек киген актрисалардың суретін тамашалап, журнал қарап отырушы едім. Ол кезде Канн кинофестивалінде қызыл кілемнің үстімен жүріп өтемін дегенді тіпті армандамаппын. Ал қазір қонақ үй терезесінен фестивальге дайындықтың қалай жүріп жатқанын тамашалап тұрмын”, – деген Құралай мұндай жетістікке киноның арқасында жеткенін атап өтті.

Айтпақшы аталған кинофестивальге Құралайды франциялықтардың өздері шақырған екен.

Құралай Анарбекова

Құралай Анарбекова Канн кинофестивалінде

“Француздың Méridien de Paris компаниясының шақыруы – мен үшін күтпеген жағдай болды. Қазақстанның атынан фестивальдің ашылу салтанатында қызыл кілемнің үстімен жүріп өту мәртебесі бұйырды. Әрі біздің елімізден алғаш болып, голливуд және Еуропа жұлдыздарымен бірге шықтым. Сондықтан қобалжып тұрмын, мұның қандай үлкен жауапкершілік екенін түсінемін”, – деген Құралай Францияға тек камера объективіне түсу үшін бармағанын айтты.

“Шын мәнінде мені бірнеше маңызды кездесу мен келіссөз күтіп тұр. Қазақстандық кинонарық пен мамандарға назар аударып жатыр. Ойымдағыны іске асырамын деп үміттенемін”, – дейді Анарбекова.

Құралай аталмыш шараға даниялық дизайнердің көйлегін киіп шыққан.

Құралай Анарбекова

Құралай белгілі даниялық дизайнер Изабель Кристенсенмен

“Отандық дизайнерлермен жұмыс істеймін деп ойлаған едім. Бірақ уақыттың тығыздығынан Қазақстанда көйлек таңдап үлгермедім. Бұл орайда қарсы тарап маған көмекке келді. Маған көпшілік Изабель Кристенсенмен жұмыс істеуге кеңес берді. Ол – даниялық дизейнер, оның Лондон мен Монакода өкілдіктері бар. Оның клиенттері арасында Пэрис Хилтон, Кейт Уинслет, Виктория Бэкхем, Николь Кидман мен Монако ханшайымы бар”, – дейді Құралай.

Құралай Анарбекова

Айта кетейік, Францияның Канны қаласында өткен дәстүрлі кинофестивальге Димаш Құдайберген мен Санжар Мәдиев те қатысқан болатын.

Санжар Мәдиев - Димаш Құдайберген

Санжар Мәдиев пен Димаш Құдайберген Канн кинофестивалінде

Тағы оқыңыз: 

Соғыс ардагерлерін Ұлы жеңіс күнімен құттықтаған Қайрат Нұртастың балалары жұртты сүйсіндірді (фото, видео)

Ауырып, төсектен тұра алмай қалған Ерке Есмахан жанкүйерлерін алаңдатып қойды

Вампирлер жанұясы: Роза Рымбаеваның отбасылық суреті желідегілерді шошытты

Жүректі қозғады: КешYou-дің экс-әншісімен клип түсірген Керменбаев актерлік шеберлігімен таңғалдырды (видео)

Талқылау