Голливуд Қазақстанды Ресейге фильм сатты деп айыптауда
Голливуд Ресейге үлкен экрандарға арналған фильмдердің пираттық көшірмелерін сатқандарды анықтады. Аты аталған елдердің қатарында Қазақстан да бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Ведомости" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Мұнда 21 шілде күні әлемдік прокатқа шыққан екі сенсациялық фильм – "Барби" және "Оппенгеймер" туралы сөз болып отыр.
"Голливуд оларды су таңбалары бойынша анықтады (су таңбасы – мөлдір жазу, шағын графика және авторлық құқықты қорғайтын логотип). Су таңбасын дистрибьютор фильмдердің көшірмелерін кинотеатрларға беру кезінде қояды", - деді екі ірі кинотеатрдың және кинопрокат компаниясының топ-менеджерлері.
Айта кетейік, 21 шілде күні әлемдік прокатқа шыққан голливудтық "Барби" мен "Оппенгеймер" атты туындылар Ресей кинотеатрларында көрсетілмейді. Ең ірі шетелдік кинокомпаниялар – Walt Disney Company, Sony Pictures, Warner Bros, Paramount және Universal Украинадағы соғыс қимылдары басталғаннан кейін Ресейдегі қызметін тоқтатқан еді.
Қаскелеңдегі атышулы құпия ит сою орны мен ет тасымалы: Істің 1 жылдан кейін тоқтатылғаны белгілі болды
Мина Исмаилова: "Сою орны әлі күнге дейін жұмыстарын жалғастырып жатқанына сенімдімін"
"Қол қусырып тұра алмадым": Алматылық әке 1 жастағы көршісінің баласын қалай аман алып қалғанын айтып берді
Әкенің айтуынша, балаларына анасының өмірден өткенін түсіндіру де оңай болмаған