Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Global Finance жасанды интеллектіні пайдаланған Еуразиялық банктің үздік қаржылық инновациялардың қатарында екенін атап өтті

Global Finance беделді халықаралық басылымы 2024 жылғы Innovators Awards аясында қаржы саласындағы үздік инновацияларды жариялады. Олар "Қаражатты мониторингтеу үшін жасанды интеллектіні (АИ) үздік пайдалану" (Best Use of AI to Monitor Funds) бағытында Еуразиялық банктің үздік екенін атап өтті. 

Банктің қазақстандық тұрғын үй компаниясымен бірлесіп әзірлеген цифрлық шешімі үлескерлердің қаражатының сақталуын және мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етуге, жобаның құрылыс жоспарынан кез келген ауытқуын анықтай отырып, тұрғын үй құрылысының әрбір кезеңіне нақты уақыт режимінде мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. Бұған қоса, цифрлық өнім құрылыс-монтаждау жұмыстарының, объектіні пайдалануға беру мерзімдерінің өзгеруі бойынша болжамды талдауды қалыптастыра алады. Сондай-ақ қажет құжаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ете алады. 

"Инновациялар банктер мен басқа қаржы институттарына әріптестердің алдында стратегиялық бәсекелестік пен артықшылыққа ие болуға көмектесіп жатыр. Жаңа технологиялар мен шығармашылық ойлауды қолдану арқылы биылғы жеңімпаздар клиенттердің жұмысын жеңілдетеді. Пайдаланушының керемет тәжірибесін қамтамасыз етуге арналған инновациялық шешімдерді әзірледі", — деді Global Finance-тың негізін қалаушы және редакциялық директоры Джозеф Джаррапуто.

Бұл – үнемі жаңа бағыттарды анықтайтын және қаржы саласында тың құралдарды дамытатын ұйымдарға берілетін жыл сайынғы Global Finance-тың он бірінші марапаттау бағдарламасы.

Жеңімпаздар Global Finance редакциялық алқасы, инновациялық салалардың сарапшылары болып саналатын журналист-репортерлердің қатысуымен анықтады. The Innovators 2024 толық есебі Global Finance-тың маусым айындағы баспа және цифрлық басылымдарында, сондай-ақ GFMag.com сайтында жарияланады.  

Global Finance журналы 1987 жылы құрылған. 193 ел мен аумақта 50 000 дана таралымы және оқырманы бар. 

Аудиториясына трансұлттық компаниялар мен қаржы институттарында инвестициялық және стратегиялық шешімдер қабылдауға жауапты аға корпоративтік және қаржылық басшылар кіреді. Басылым үнемі банктер мен басқа қаржылық қызметтерді жеткізушілер арасында үздіктерді таңдайды. Бұл марапаттар әлемдік қаржы қауымдастығы үшін танылған сапа стандартына айналды.

ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 2020 жылғы 3 ақпандағы № 1.2.68/242/40 лицензиясы

Талқылау