Гимнаст Нариман Құрбанов Дохада өткен әлем кубогінде алтын алды
Қазақстандық Нариман Құрбанов Дохада (Катар) өткен көркем гимнастикадан әлем кубогының жеңімпазы атанды.

Нариман атпен жаттығу жасау жарысында топ жарды. Финалда Құрбанов 12.500 ұпай жинап, бірінші орынға шығуға мүмкіндік алды.
Бұл дисциплинада күміс медальді ирландиялық Рис МакКленаган жеңіп алды. Үздік үштікті Армения өкілі Арутюн Мердинян жапты.
Айта кетейік, бүгін Дохада өтіп жатқан көркем гимнастикадан әлем кубогінің соңғы күні.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады
"АҚШ-та үлкен мейрамханаларды жалға аламыз": Шетелдегі қазақтар Наурыз мерекесін қалай тойлайды?
Наурыз қай жерде жүрсе де адамдарды біріктіретін, мәдени бірегейліктің маңызды символы